Қырғыз билігі Құмтөр ісі бойынша шетелдік компаниямен халықаралық сотта қармасу үшін тағы екі шетелдік компанияны жалдағанын мәлімдеді. Бішкек Құмтөрде алтын өндірісімен айналысқан "Центерра"-ны сотта жеңу үшін бір канадалық және бір америкалық компаниямен істестік орнатқан.
Шетелдік "Центерра" компаниясы Қырғызстан үкіметін ортадағы келісімді бұзды деп айыптап, халықаралық сотқа жүгінген болатын. Қырғыз билігі болса экология және төленбеген салықтар бойынша қайыра айыптап, тараптар халықаралық орбитражға шағым жөнелткен. Бішкек тарабы төленбеген салықтарға қоса Құмтөрде миллиардтаған доллар құнына тең экологиялық зиян келтірді деп "Центеррадан" 4 млрд АҚШ долларын талап етіп отыр.
Кеше Бішкектегі баспасөз жиынында билік өкілі Теңіз Бөлтірік Қырғызстан мен "Қырғызалтын" ұлттық компаниясының мүддесін қорғап қалу үшін америкалық және канадалық құқықтық қызмет көрсетуші компанияларды тартып жатқанын жеткізді. Мәліметте нақты қай компания екені айтылмады, дегенмен оларға 1, 5 млн АҚШ доллары төленетіні белгілі болды.