"Хамас" ұйымының жоғары жетекшілерінің бірі Израильмен жақын арада оқ атыспау туралы келісімге қол қоятындарын мәлімдеді. Алайда, қазіргі кездің өзінде қақтығыс жалғасып жатыр.
Газаны бақылауында ұстаған ұйымның ресмиі Мұса Абу Марзук мәлімдемесінде тараптардың келісімге келуді ортақ қалап тұрғанын айтқан.
Дегенмен, кеше, 19 мамырда Израиль перемьері Беньямин Нетаньяху ел халқының қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенге дейін әуе шабуылдарының жалғаса беретінін айтқан болатын.
Бүгінгі таңның өзінде Газадағы "Хамасқа" тиесілі деп есептелген жүздеген ғимарат еврей ұшақтарының нысанасына алынды. Палестина тарабы да қарап қалмай зымыран арқылы жауап қайтарды.
Қазір халықаралық қауымдастық қос тарапты бірдей қысымға алып соғысты тоқтатуға шақырып жатыр.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр