АҚШ-тың сайланған президенті Доналд Трамп Израильге әдепсіз, дөрекі қарауға жол бермейтінін мәлімдеді. Ол өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасына Израильді 2017 жылдың 20 қаңтарына белгіленген инаугурациясына дейін шыдай тұруға шақырды.
Трамптың сөздерінше, АҚШ Израильдің "өте жақсы досы" досы болып келген, бірақ Иранмен ядролық келісім жүргізгеннен кейін жағдай өзгерген. Биылғы жылдың 16 қаңтарында Тегеранға қарсы ядролық қару жасап шығару әрекеті үшін салынған санкциялар алынып тасталған.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Трамптың жазбасына "Израильге қолдау білдіргені үшін және жылы достық ниеті үшін" деп алғысын жеткізген.
23 желтоқсанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Израильге қатысты еврей халқын Палестина аумағына көшіруді тоқтатуға шақырып, резолюция қабылдаған. Бұл құжатқа Кеңестің мүшелері – 14 мемлекет дауыс берді. АҚШ қалыс қалған. АҚШ ұзақ жылдар бойы бірінші рет Израильге қарсы құжатқа қарсылық білдірмеді. Нетаньяху осыдан кейін палестиндықтармен "астыртын ымыраласқан" деп АҚШ әкімшілігін айыптады.