Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетеді.
Ел президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында «Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, обаға қарсы 50 мың арнайы киім және елде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырғанын» жазды.
Үндістанда коронавирус жұқтыру дерегі күн сайын артып барады. Ел дәрігерлері соңғы 24 сағатта 401 078 жаңа жұқтыру оқиғасын тіркеген. Эпидемия кезінде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 22 миллионға жақындады.
Коронавирус инфекциясымен байланысты өлім саны Үндістанда бірінші рет 24 сағат ішінде 4 мыңнан асты. Өлім бойынша алдыңғы антирекорд 6 мамырда тіркеліп, 3 980 болған. Соңғы тәулікте Үндістанда төртінші рет тәулігіне 400 мың жұқтыру оқиғасы тіркелді. 22 сәуірден бастап елде тәулігіне 300 мыңнан астам адамнан коронавирус жұқтыру оқиғасы анықталған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді