Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда вакцинаның алғашқы дозасын алған 1,5 млн адамның шамамен 0,02%-ына вирус жұққан.
5 мамыр, сәрсенбіде министр Алексей Цойдың қатысуымен ОртКомда өткен брифингте екпенің бірінші дозасы 1 млн 487 қазақстандыққа егілгені және оның шамамен 300-дейі ауырғаны хабарланды. Ресми мәліметке сәйкес, 400,7 мың адам екі дозаны толық алған.
«Жалпылай айтқанда, жалпыхалықтық вакцинация науқаны белсенді жүріп жатқанына куә болып отырмыз. Жұрттың екпеге сенімі артты. Вакцина алған 1,5 млн адамның шамамен 0,02%-ына (шамамен 300 адам) ғана вирус жұққан. Бұл вакцинаның тиімді екенін, жемісін айқын көрсетеді», – деді Алексей Цой.
Азаттық радиосының хабарлауынша, министрлік ақпарат құралына берген жауабында 29 сәуір күнгі мәлімет бойынша елде вакцинаның екі дозасын алғандар арасында 31 адамға вирус жұққан деп мәлімдеген.
Былтырғы наурыздан бері ковидтен ауырғандар саны 385 мыңнан (332 мың коронавирус, 53 мың осыған ұқсас пневмония) асқан. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді. Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардың 6232-сі (КВИ+ / U07.1 – 3796, КВИ- / U07.2 – 817, ілеспе аурулардан – 1619) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінгендерді жалпы статистикаға енгізбейді.
Қазақстан вирус таралуы бойынша әлемде Worldometers дерекқоры, Джонс Хопкинс университеті және ДДСҰ тізіміндегі 221 ел мен аймақтың арасында 47-орында тұр.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі