НАТО Әзербайжанмен қарым-қатынасын одан әрі дамытпақ деп хабарлайды Kavkasia ақпарат көзі.
«НАТО Әзербайжанды Ауғанстан блогындағы сенімді серіктесі ретінде бағалайды. Ауғанстан қауіпсіздігі бойынша НАТО-ның «Шешуші қолдау» миссиясында ресми Бакудың алатын орыны өте зор» деді НАТО басшылығы.
АҚШ Ауғанстандағы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына қарсы іс-қимылдарын жандандырғаннан кейін. Ресей Өзбекстанға әскери техника беретінін айтқан болатын. Ал НАТО Әзербайжанмен байланысын қайтадан жандандыратынын мәлімдеді. Бұған қарап НАТО мен Ресейдің Ауғанстандағы үстемдікті АҚШ-қа беріп қойғысы келмейтіндіктерін байқауға болады.
Сүриядан кейінгі соғыс ошағы не Ауғанстанда, немесе Солтүстік Кореяда жалғасуы мүмкін. Бірақ, ядролық қарумен қаруланған Пхеньянға келгенде НАТО-да, Ресейде үнсіз отыр. Тек Қытай ғана Солтүстік Корея шекара аумағына 150 мың әскерін кіргізген еді.
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі