Наурыз айының басында қазақстандық банктердің активтері 31,99 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 20% - ға өсті. Олардың несие қоржыны сол кезеңде 5,7% - ға, яғни 15,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл туралы Ranking.kz сайты хабарлады.
Активтері (53,8%-ға, 986,4 млрд теңге дейін) өскен банк — Bank RBK. Бұдан бөлек, Отбасы Банкінің активтері − 51,8%-ға, 2,1 трлн теңгеге дейін, ал Сбербанк активтері 41,3% , 3,2 трлн теңгеге дейін өскен.
Сарапшылар қазақстандық банктер активтерінің өсуі ағымдағы жылы "дағдарысқа дейінгі" кезеңнің көрсеткіштерін айтарлықтай басып озатынын атап өтті. 2020 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша, банктердің активтері 26,7 трлн теңгені құрады. Бұл — 2019 жылғы ақпанға қарағанда небәрі 8,8%-ға артық. 2018 жылғы ақпан-2019 жылғы ақпан аралығында активтердің өсуі 4,1%-ды құраған.
Қарыз портфелін ұлғайтудың көшбасшы — Bank RBK. Бұл банк қарыз портфелін 32%-ға, 501,7 млрд теңгеге дейін ұлғайтты, ал Отбасы банкінің қарыз портфелі 31,8%-ға, Сбербанктікі 23,5%-ға өсті.


















Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды