Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған мен Ресей басшысы Владимир Путин телефон арқылы тілдесті - деп хабарлайды Кремль баспасөз қызметі.
Екі ел басшылары Ресей мен Түркия арасындағы қарым - қатынасты ары қарай дамытып, Астана мен Женевадағы Сүрияға байланысты келіссөздерді қолдау қажет деп келіскен. Ал Башар Асадтың Хан - Шейхуни қаласында химиялық қаруды қолданған, қолданбағаны жайында халықаралық дәрежеде әділ, әрі тез арада зерттеу жүргізілуі керектігін айтқан.
Естеріңізге салайық G7 елдерінің кездесуінде Түркия, Башар Асаттың режиміне қарсы екендігін білдірген болатын.
“The Qazaq Times”