Иерусалимде Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға қатысты сот отырысы қайта басталады. Сотқа шақырылған куәгерлердің тізімін Израильдің Jerusalem Post газеті жариялады. Егер жемқорлық бойынша кінәсі дәлелденсе Нетаньяху он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
71 жастағы Нетаньяху парақорлық, алаяқтық және үш түрлі іс бойынша сенімге қиянат жасады деп айыпталуда. Сот процесі қайта жалғасқан тұста Нетаньяхуда коронавирус пандемиясына қарсы шараларына қарсылық күшейе түсті. Үкімет індеттің бірінші толқынын кері қайтарғандай болған еді, карантин шектеулерін алып тастау аурудың қайта өршуіне әкелді. Тұрғындар Нетаньяху мен оның үкіметі коронавирус дағдарысымен күрестің орнына басқа бағыттарға басымдық беріп отыр деп наразылық білдіріп жатыр.
Ресми мәліметтер бойынша, Израиль үкіметі пандемия жағдайында әлеуметтік көмек ретінде миллиардтаған доллар бөлетінін айтты, бірақ ақша мұқтаж тұрғындарға жетпеді. Ал ел азаматтарын бай-кедей деп бөлмей бәріне бердей төлем жасау туралы жоспарын беделді экономистер сынға алды. Індеттің бірінші және екінші толқындары жұмыссыздықты 3,9%-дан 20%-ға көтеріп жіберген.
Израильдің премьер-министрі Нетаньяхуға айып 2019 жылғы қарашада тағылған. Бас прокуратура Нетаньяхуға мен оның отбасы 2007-2016 жылдар аралығында америкалық продюсер Арнон Милчен мен австралиялық бизнесмен Джеймс Пакерден жалпы сомасы 250 мың доллар көлемінде сыйлық қабылдаған деп айыптады. Нетаньяху тағылған айыпты жоққа шығарды.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі