АҚШ, Канада және Еуропа одағының санкциялық шектеулері күшейген тұста Қытай сыртқы істер министрінің шетелдік сапарлары жиіледі. Қытай СІМ бастысы Уаң И Түркияға жол алып, Анадолы түбегіндегі үш күндік ресми сапарын бастады.
Түрік ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда, Уаң Идің Түркия сапары 24 наурыз сәрсенбі күні басталған. Бұл сапарында ол түрік СІМ өкілдерімен қатар президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесуді де жоспарлаған.
«Анадолы» ақпарат агенттігінің хабарында айтылуынша, сапар бұдан ертерек жоспарланған және түрік тарабының шақырғаны айтылады. 26 наурызға дейін жалғасатын сапарында Қытай сыртқы істер министрі Түркия үкіметінің жоғары жетекшілерімен халықаралық және өңірлік геосаяси мәселелер турасында кеңес өткізетіні айтылған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы