Стокгольмдағы лаңкестік шабуылға күдікті ретінде ұсталған Рахмат Акиловты Өзбекстан құқық қорғау органдары бұған дейін халықаралық іздеуге берген – деп хабарлайды Интерфакс, Өзбекстан күштік құрылымдарына сілтеме жасап.
Ақпан айында Рахмат Акилов діни экстримистік топтармен қатысы бар деп айыпталған. Акиловтың үстінен Өзбекстан Республикасының қылмыстық кодексінің 221-бабының 1-ші тармағы, 224-бабының 2-ші тармағы, 127-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Өзбекстан құқық қорғау органдарының мәлметінше Акилов 2015 жылы Түркия арқылы Сүрияға өтпек болған. Бірақ шекарада ұсталып, босқын статусы болғандықтан Швецияға депортацияланған.
39 жасар Рахмат Акилов сәуірдің 7-і күні Швецияның Стокгольм қаласында лаңкестік шабуыл жасап, салдарынан 4 адам көз жұмып, 15 адам жарақат алған болатын.
Акилов өзінің бұл ісін «дінсіздерге» қарсы әрекет екенін айтып, «дінсіздердің» Сүрияны бомбылауларын тоқтатулары керектігін айтқан.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр