Біріккен Араб Әмірлігі алғаш рет еврей мемлекетінің басшысын күтіп алмақ. Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху БАӘ-не ресми сапармен барған алғашқы еврей басшы ретінде тарихта қалғалы отыр. Бұл туралы еврей баспасөздеріне сілтеме жасап «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлаған.
Израиль премьері бұл тарихи сапарында араб әмірлігінің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Зайедпен кездеседі. Бұл арқылы тараптар Израиль мен БАӘ арасында дипломатиялық қарым-қатынастың ресми қалыптасқанын айғақтайды.
Былтыр қыркүйекті Ушингтонның ара ағайын болуымен Израиль мен бірнеше араб елдері арасында қарым-қатынасты қалпына келтіру туралы сөйлесулер нәтижелі келісімге қол жеткізді. Нәтижесінде, Орта Шығыста тарихи өзгерістер орын алып, Израиль мен кейбір араб елдері арасында дипломатиялық қатынас жандана түсті.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы