SpaceX компаниясы шығарған Starship зымыранының түп үлгісі Жерге қонғаннан кейін бірнеше минуттан кейін жарылды.
Бұған дейін тасығыш-зымырандағы қозғалтқышта ақау табылғаннан кейін ұшыру әрекеті бірнеше сағатқа кейінге шегерілген болатын. Кейін зымыран ұшырылып, шамамен 10 шақырым биіктікке көтерілген. Starship SN10 (яғни оныншы сериялық сынақ аппараты) суборбитальды рейс жасады. Зымыран Техастағы қону алаңына сәтті орныққаннан кейін жарылған.
Былтыр мамырда Ай мен Марсқа ұшуға арналған Starship зымыран үлгісі Техаста Бока-Чика полигонында сынақ кезінде жарылған болатын. Сынақ NASA Spaceflight Youtube арнасында тікелей эфирде көрсетілген. Зымыран қозғалтқышын сынақтан өткізу кезінде жарылыс болған. Зымыран тұтастай өртеніп кетті.
Зымыраны авторларының айтуынша, зымыран тасығыш көп рет қолдануға шыдауы керек және орбитаға өзінің салмағын есептемегенде 100 тоннадан артық жүк тасымалдай алуы тиіс. Былтыр миллиардер, өнер коллекционері Юсаку Маэдзава осы ғарыш кемесінің алғашқы жолаушысы болатыны, ғарыш турисі ретінде Айды айналып шығатыны хабарланған.
SpaceX негізін қалаушы Илон Маск Марста қала салуды армандайтынын айтты. Маск осыған дейінгі сұхбатында бұл зымыран 2026 жылы Марсқа адам жіберетінін айтты.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды