Жапония коронавирустың жаңа штамдарының таралу қаупіне байланысты шектеу шараларын күшейтті. Енді 13 елге Жапонияға кіру ережелері қатаңдатылмақ. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.
Ресми құжатта: «Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Дания, Италия, Нигерия, Нидерланды, БАӘ, Словакия, Швейцария, Швеция, Франция азаматтары үшін Жапония аумағына кіру ережелері өзгертілді. Туристер елге кіргеннен кейін үш күн ішінде карантиндік мекемелерде болуы керек. Осыдан кейін олар коронавирусқа тест тапсыруы керек. Теріс нәтиже болған жағдайда екі апта оқшаулануы тиіс», – делінген.
Карантиндік шаралар 5 наурыздан бастап күшіне енеді.
Ұлыбританияда коронавирустың жаңа штаммының табылуына байланысты әлемнің барлық елдеріне виза беруге бойынша тыйым Жарпонияда 28 желтоқсанда күшіне енді. Бастапқыда бұл шара қаңтардың соңына дейін қолданылуы керек еді. Бірақ кейіннен ол төтенше жағдай режимімен бірге ұзартылды. Қазіргі шектеу шаралары 7 наурызға дейін Токио, Канагава, Сайтама және Чиба префектураларында жалғасын табады. Дегенмен, төтенше режим жойылғаннан кейін де Жапония билігі шетелдіктерге виза беру ережелерін жеңілдетпейді.
Қазіргі уақытта елге тек жапон азаматтары және ұзақ мерзімді визалары бар шетелдіктер кіре алады. Шекарадан өткенде олар 72 сағат ішінде тапсырылған теріс нәтижелі ПТР тестін растайтын құжат болуы қажет. Әуежайға келген соң тағы бір мәрте тест тапсыруы тиіс. Содан кейін 14 күнге оқшауланады.