Америкалық барлау қауымдастығы SolarWinds бағдарламалық жасақтамасына жасалған кибершабуылдың артында ресейлік хакерлер тұр деген мәлімдеме жасады.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары Анн Нубергертің айтуынша, кибершабуыл тоғыз федералды департаментке және жүзге жуық жеке компанияларға кері әсер кеткен. 18 мыңға жуық субъектке шабуыл жасалған.
SolarWinds компаниясының Orion бағдарламалық жасақтамасы 2020 жылы наурызда бұзылды. Хакерлер вирус енгізгеннен кейін аталған бағдарламаны SolarWinds тұтынушылары, соның ішінде АҚШ мемлекеттік органдары және 400-ден астам ірі компаниялар жүктеген және қолданған. Бұл туралы 2020 жылдың желтоқсанында АҚШ Ұлттық барлау департаментінің, ФБР және инфрақұрылымдық және киберқауіпсіздік Агенттігінің бірлескен мәлімдемесінде айтылды. Сол кезде Мемлекеттік хатшы болған Майк Помпео «бұл шабуылға Кремльдің тікелей қатысы бар» деген нұсқаны ұсынды.
Қаңтардың соңында АҚШ президенті Джо Байден кез келген хакерлік шаулдың артында Ресей тұруы мүмкін деген. Ал Мәскеу Вашингтонның бұл мәлімдемесіне жауап берген жоқ.