АҚШ Сенаты Мемлекеттік хатшы лауазымына Энтони Блинкеннің кандидатурасын бекітті. Ол Барак Обама кезінде ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшінің орынбасары қызметін атқарған.
Жаңадан сайланған Энтони Блинкен 2015-2017 жылдар аралығында АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары болып жұмыс істеген. Джо Байденнің президенттік науқаны кезінде сыртқы саясат бойынша бас кеңесшісі болған. Кандидатурасын бекіту бойынша тыңдалым кезінде ол Дональд Трамп әкімшілігінің сыртқы саясат бойынша маңызды сұрақтарын қайта қарастыруға уәде берді.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысының қызметін Майк Помпео атқарған болатын. Помпеоны аталған лауазымға 2018 жылы сәуірде президент Дональд Трамп ұсынған.
Трамп әкімшілігіндегі Помпео қызметтік кезеңі аяқталар тұста, екі апта бұрын Қытайдың Шыңжаң саясатын «геноцид» деп айыптады. Помпеоның мәлімдемесін жаңадан сайланған мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен де қолдайтынын мәлімдеді.
Бұл айыптауды әдеттегідей жоққа шығарған Бейжің АҚШ-тың 28 лауазымды тұлғасына санкция енгізетінін хабарлады. Олардың қатарында Ақ үй жанындағы Ұлттық сауда кеңесінің басшысы Питер Наварро, президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Роберт О ' Брайен, АҚШ-тың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Келли Крафт, АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Алекс Азар және Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Джон Болтон бар.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр