Құрама Штат билігін жақында ғана қолына алған Жозеф Байден француз әріптесі Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел лидері ынтымақтастықты дамытуға келісті.
Франция президенті Байден Ақ үй тізгінін қолына ұстағаннан кейін телефон арқылы сөйлескен алғашқы шетелдік әріптестерінің бірі. Бұдан бұрын ол Британ және Канада үкіметінің жетекшілерімен сөйлескен.
Ақ үй баспасөз қызметінің ақпарат құралдарына таратқан мәліметіне қарағанда, телефон арқылы сөйлесуде Байден Құрама Штаттардың «ең көне одақтасы» Франциямен жан-жақты келісімді дәстүрлі түрде дамытуға тырысатынын жеткізген.
Франция президенті Макрон да Құрама Штаттармен бұған дейін түзілген барлық келісімдерді дамытып, оған қоса АҚШ-тың ЕО мен НАТО құрамындағы әрекеттеріне қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізген.
Байден мен Макрон арасындағы сөйлесуде екі ел қатынастарынан тыс климаттың өзгеруі, жаһандық экономиканы дамыту, пандемияға қарсы әрекет ету мәселелері де сөз болған.
Айта кетейік, Байден билігі АҚШ-тың алыстай түскен одақтастарымен қарым-қатынасын реттеп, халықаралық келісімдерге қайта қосылмақ. Оның арасында «Париж келісімі» де бар.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер