«G7-ге мүше елдердің Сыртқы Істер Министрлері Ресей мен Сүрияға қарсы санкцияны күшейту жөнінде келісімге келе алмады» - деді Франция СІМ Жан-Марк-Эро.
Бұның алдында Ұлыбритания Сыртқы Істер Министрі Борис Джонсон, G7 жиынында Ресей мен Сүрияға санкцияны күшейту мәселесі қаралатынын айтқан болатын. Алайда Германия мен Италия қарсы болып, G7 елдері бұл мәселені химиялық шабуылдың жай-жапсары анықталғанша қалыс қалдыра тұруды шешкен.
Италияда өтіп жатқан жиынға G7-ге мүше елдерден бөлек, Түркия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Катар сынды мемлекеттер қатысуда. Бұл елдердің барлығы Башар Асадтың режиміне қарсы екендерін білдірген. G7 жиынынан кездесуден кейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Мәскеуге барады деп күтілуде.
“The Qazaq Times”


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы