Франция коронавирустың алдын алу мақсатында шектеу шараларын қатаңдатты. Елде Оңтүстік Африка Республикасында шыққан коронавирустың жаңа штамының тез таралуына байланысты елге кіру тәртібі өзгереді. Енді Еуроодақтан бөлек елдердің азаматтары осы республикаға барса, бір апта карантинге жабылады. Елдің премьер-министрі Жан Кастекс ұсынған шаралардың негізгі мазмұны осындай.
Жаңа жылдық мерекелерден кейін Францияда вирус жұқтырғандар саны күр артқан. Сәрсенбіде бір тәулік ішінде 23 мың кейс тіркелді. Бұл бір ай бұрын болжанған санақтан бес есе көп. Қазір елде 2,8 миллионнан астам адам адамнан коронавирус анықталған. 10 ай ішінде қауіпті дерт 69 мыңнан астам адамның өліміне себеп болды.
Францияда шектеулердің қатаңдатудың бірден-бір себебі – «Британдық» және «оңтүстік африкалық коронавирус» штамдардың пайда болуы. Күн сайын вирустың Британдық нұсқасы 300-ге жуық адамнан анықталып жатыр. Осыған байланысты 16 қаңтардан бастап республика аумағында кем дегенде 15 күнге конмендаттық сағат енгізіледі (18:00-ден 06:00-ге).
Ұйымдар мен кәсіпорындарда қашықтықтан жұмыс істеу ережелері өзгеріссіз қалады. Кинотеатрлар мен мұражайлар уақытша жабылады. Жаңа шара ертеңнен бастап күшіне еніп 15 күнге созылады. Мұндай тәртіп осы уақытқа дейін вирус ең көп таралған 25 департаментте қолданылып, ондағы дертті жұқтыру дерегі біршама бәсеңдеген болатын.
Шекарадағы бақылау да айтарлықтай күшейтіліп жатыр. Бұдан былай Еуропалық одақтан тыс елдерден келген барлық саяхатшылар коронавирусқа тест тапсырып, 1 аптаға карантинге жатқызылады. 7 күннен соң қайтадан ПТР тест тапсыруы тиіс.
Францияда алдағы дүйсенбіден бастап 700 вакциналау орталығы жұмыс істейді. 75 жастан асқан қарттармен қатар созылмалы ауруы бар азаматтар да егіледі. Қаңтарда елдің 1 миллионға жуық тұрғыны вакцина қабылдамақ. Ақпанның соңына дейін жалпы саны 2,5 млн адмға екпе егіледі. Мамандардың пікірінше, вакцинация аурудың пайда болуын ғана емес, сонымен қатар вирустың таралуын да болдырмауы керек.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы