Алматы қаласы жаңа жыл мерекесіне бюджеттен 135 милион теңге жұмсайды. Бұл ақпаратты Malim.kz хабарлады.
Сайттың мәліметінше, Сағынтаев басқаратын қала әкімдігі 2021 жылға арналған жаңа жылдық шыршаны орнатуға бюджеттен 15 680 000 теңге жұмсаған. Шыршаны орнату мен оны безендіру қызметтерін Design Engineering компаниясы айналысқан.
«Біз біргеміз 2021 Мы вместе!» шағын архитектуралық формасының дизайн жобасын әзірлеуге де әкімдік дәл осы Design Engineering копаниясымен келісім жасасқан. Бұл жобаға 39 424 000 теңге бөлінген.
Алматы қаласы мәдениет басқармасы 10 желтоқсанда Formata SRS ЖШС-мен келісім жасасқан. Келісім бойынша компания тұңғыш президент саябғы мен Астана алаңында жаңа жылға дайындық есебінде безендірумен айналысады. Бұған 39,9 милион теңге жұмсалынатыны белгілі болды.
Әкімдік ҚБТУ алаңы алдындағы биіктігі 12 метр болатын қаланың бас шыршасымен «Біз біргеміз 2021 Мы вместе!» қаріптік композияларына қазынадан 40 миллион теңге жұмсамақ.
2019 жылы Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған Сағынтаев осылайша жаңа жылдық безендіруге 135 милион теңге жұмсамақ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы