Еуроодақ Кеңесі адам құқықтарын бұзғаны үшін жаһандық санкциялар режимін бекітті. Ол 10 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.
Режим ЕО аумағына кіруге және Еуроодақтың қаржы жүйесіне араласуға тыйым салынған адамдардың жаһандық қара тізімін құруды көздейді. Олардың барлық активтері еуропалық банктерде табылған жағдайда бұғатталады. ЕО резиденттері бұл тұлғаларға кез келген қаржылық қызметтерді ұсынуға құқылы емес.
Санкциялар режимін Министрлер талқылаусыз мақұлдады, өйткені ол 2 желтоқсанда қоғамдастықтың барлық 27 мемлекетінің елшілері деңгейінде келісілген. Заң құрылымдық жағынан қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге, мысалы, Беларусь, Мьянма, Иранға қатысты адам құқықтарын бұзған тұлғаларға бағытталады.
Санкцияларға ұшырағандардың барлығы Люксембургтегі еуропалық Әділет сотында қара тізімге енгізілуі мүмкін.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы