Жаһандық індет әлем елдерінің ұзақ жылғы экономикалық даму инерциясын әлсіретті. Көптеген елдердің экономикасы кері шегініп, салықтан түсетін мемлекеттер табысы кескін қысқарды. ДВҚ 5 жыл ішінде әлем 28 трлн АҚШ доллар жоғалтатынын есептеп шықты. Әлем елдеріндегі экономикалық белсенділіктің төмендегеніне қарамастан індеттен құтылу үшін мемлекеттер әлі де көптеген қаржы жұмсауына тура келді. Коронавирустың әлем экономикасына тигізген зардаптарын бағалай келе оны «Ғасыр дағдарысы» деп атап жатқандар да бар.
Дегенмен, вирусқа қарсы бірнеше вакцинаның табысты сынағы ауыр дағдарыстан шығып кете аламыз деген үміт те сыйлағандай. Жаппай вакцинадан кейін ұзаққа созылған дағдарыстан шығамыз деген сенім пайда болуда. Расында да вирусқа қарсы вакцияна әлемді «Ғасырлық дағдарыстан» алып шыға ала ма?
Табысты вакцияна сынақтары туралы мәліметтер қаржы нарығына тың серпін бергендей болды. Дегенмен, сарапшылар вакцинаның экономикалық дағдарысқа деген ықпалы бірден көріне қоймайтынын болжап отыр. Еуропалық экономика саласының мамандары да дағдарыс аяқталуға әлі ерте екенін ескертті.
Әрине, жаппай вакциналаудан кейін адамдардың жүріс-тұрысы қалыпқа келіп, бизнестың түрлі салалары жандана түспек. Соған ілесе инвестициялардың ағымы да қайта күш алып, әлем экономикасы қайта белсенді күйне кіре бастауы мүмкін. Экономика білгірлерінің сөзіне сенсек, кезекті дағдарыста экономикалық өсімнің негізгі тірегі болған тұтыну мен инвестиция үлкен жоғалтуға ұшырады. Ал, сауда мен өндіріс алдынғы екеуіне салыстырғанда азырақ зардап көрді, өндіру мен сауда көлемі қысқарғанымен жаз айларында қайта өсе бастаған.
Қылышын сүйретіп кіріп келе жатқан қыс әлем экономикасы үшін үлкен сынақ деп бағаланып отыр. Дүние экономикасын алға жетелейді деп айтылатын АҚШ пен Еуропа індеттен ауыр жапа тартқан елдерге айналды. Әлем экономикасының үштен бірін құрайтын АҚШ пен Еуропадағы бұл жағдай өзгелерге әсер етпей қалмайды. Себебі, бұл екеуі өзге елдер үшін инфестицияның қайнары саналып келді. Бұларсыз-ақ, індетті жеңіп шыққан Қытай секілді санаулы елдер болғанымен олардың экономикадағы жетекшілік рөлі төмен.
Барлық өндірушілер, қызмет көрсетушы бизнес тараулары да тұтынудың төмендеуінен болашақ бірер жылын елестете алмай жатыр. Қазіргідей дағдарыста тұтынудың төмендейтіні заңды да, себебі, кез-келген дағдарыс бұған дейін көрсеткендей жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді де, ертеңіне алаңдаған тұтынушылар қаражаттарын барынша үнемдеуде. Сәйкесінше бұл қатынас-тасымалдан тартып, өндіру мен қызмет өтеу кәсіптерін буып тастады.
Еуропалық БАҚ-тың хабарына қарағанда, ЕО бизнесті жандандырудың жанама тәсілдерін тауып шығуға әрекет етіп жатыр. Бірақ, пандемияның екінші толқынымен қатар экономикалық дағдарыстың да екінші толқыны келмек екен. Экономика салансының мамандары болжауынша, ЖІӨ-ның шығындары 2022 жылы ғана орнын толтыра алады, ал пандемияның әсерінен болған экономикалық делсалдық тағы бірнеше жылға дейін созылуы мүмкін. Оның үстіне, барлық елде жаппай вакцияналау да ұзақ уақытты алады. Сондықтан да, бір жыл толықтай «пандемия жылы» болып қала бермек.