Ресей мен Түркия арасында Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату режимін бақылау және қадағалау келісіміне қол қойды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.
"Спутник Азірбайжан" таратқан мәліметке қарағанда, келісім бойынша Армения тарабы 15 қарашаға дейін Келбажарды, 20 қарашаға дейін Ағдамды, ал 1 желтоқсанға дейін Лачин аймағынан әскерлерін шығарып, Әзірбайжанға қайтарып беруі тиіс.
Президент Ердоған мәлімдемесінде Таулы Қарабақтың қалған бөлігі де Әзірбайжанға тиесілі екенін баса айтты. "Бүгін таңертең Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату режимін бақылау бойынша түрік-орыс бірлескен орталығын құру бойынша хаттамаға қол қойылды", – деген Ердоған сөзінде.
Оның айтуынша түрік-орыс ортасында құрылған орталық атыс тоқтату келісімінің бұзылуына жол бермеу үшін барлық қадамдарды жасайды.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді