Өзбекстанның инновациялық даму министрі Иброхим Абдурахманов ел азаматтарын коронавирусқа қарсы вакцинамен толық қамтамасыз ету үшін бірнешеуін сынақтан өткізуі керектігін мәлімдеді.
Сынақтан қатарынан бірнеше вакцинаны өткізу уақыт талабы болып тұрғанын айтқан министр бұған себеп коронавирустың түрлі типтері бар екенін алға тартты.
Оның айтуынша бүгінде COVID-19 ға қарсы алғашқы вакциналарды сынақтан өткеріп жатқан АҚШ, Еуропа, Ресей, Қытайдың вакциналары болуы мүмкіндігін де ескертті.
Абдурахманов, қазір 15 мың еріктінің қытай вакцинасынан сынақтан өткізудің үшінші кезеңіне қатысып жатқанын әрі олардың бес мыңы өзбекстандық азамат екенін, вакцинаның тиімділігін анықтау және субъективті араласуды азайту мақсатында 5 мыңның жартысы плацебо, жартысы таза вакцина алатынын, әрі олардың ешқайсысы кімге қандай ампула қолданғанын білмейтінін айтты.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр