"Саяси реформасыз сайлауға байкот!". Бүгін, 5 қараша Алматы қаласындағы Абай ескерткішінің алдында азаматтық белсенді, Демократиялық партияны құрушы топтың мүшесі Ырысбек Тоқтасын  осындай талаппен бір кісілік пикет өткізді. 

Бір адамдық пикетте белсенді сайлау заңына өзгерістер енгізуін, саяси партияларды тіркеудің ережелерін жеңілдетуді, саяси тұтқындарды босатуды, сондай-ақ, несиелік амнистия жариялануын талап етті.

Белсендінің айтуынша қазіргі заң ережелер республикамыздағы сайлауға және сайлануға құқығы бар 12 млн адамның құқығын шектеп отыр. Билік партиясы өзіне жақтас партиялармен сайлауға барып, өз билігінің мерзімін ұзартқысы келеді деген белсенді елдегі сайлаушыларды алдағы парламент сайлауына байкод жариялауға шақырды. Сондай-ақ, ол азаматтар өз қарсылығын ашық наразылық әрекеттер арқылы білдіруі керек деп санайды.

"Банктер мемлекеттен алған қарызын қайтармауға болады екен де, банктерден қарыз алған азаматтарды сотқа сүйреп, қыспаққа алады. Сол үшін де қарапайым азаматтардың қарызына бір рет кешірім жариялауды талап етеміз", – деді белсенді несиелік амнистия туралысөзінде: "біз олигархтардың несиесін кешіруді талап етіп отырғамыз жоқ, себебі олар онсыз да мемлекеттік, халықтың есебінен күн көріп отыр, біз қарапайым халықтың қарызын кешіруді талап етіп отырмыз".

Билік партиясындағы және биліктің өзге тармақтарындағы жемқорлыққада наразылығын білдірген Ырысбек Тоқтасын бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың жемқорлықпен сотталуына байланысты, премьер-министр болған Асқар Маминнің де жауапкершілігі бар екенін алға тартып, Маминнің отставкаға кетуін талап етті.

Пикеттен кейін.

Демократиялық партияны құрушы топ мүшелері бір адамдық пикетті бірнеше күннен бері жалғастырып келеді. Бұған дейін аталған топ пен "БӘСЕ" арнасы жұртты 14 қараша күні Алматы қаласында ашық наразылық шарасына шақырып жатқаны белгілі болған. Бейбіт наразылық шарасын өткізу туралы Алматы әкімдігіне ескерту хаттарын да жолдған, әкімдік тарабы әлі жауап берген жоқ.

“The Qazaq Times”