АҚШ-тағы президент сайлауы әлі де тартысты кезеңде тұр. Нәтижесі алдымен жария болған штаттардағы дауыс саны бойынша Байдан озып, артынша Трамп та тықсыра қуып жетіп еді, алайда, Мичиган штатындағы нәтиже дауыс парқын қайталай алшақтатып жіберді. Қазір сайлаушылар алқасының 264 дауысын алған Байден алда тұр, Трампта 214 дауыс бар.
Алда дауыс саны мен нәтижесі белгілі болмаған Пенсильвания, Солтүстік Каролина, Джорджия, Невада және Аляска штаттары қалды. Байден мен Трамптың тағдырын осы штаттар шешпек. Қазіргі нәтиже бойынша Байденде мүмкіндік жоғары. Қалған бес штаттың төртеуінде Трамп алда тұрғанымен, Невадада Байден басым тұр. Егер Невадада Трамп бір жола жеңілсе Ақ үйден кетуіне тура келеді, себебі Байден Неваданың 6 дауысын алса болды 270 дауыспен жеңімпаз болмақ.
Бірақ, тағдыр тек Невадада ғана шешілмейтіндей, Джорджия штатында да дауыстар аз ғана парықпен саналып жатыр. Демократтар кезекті сайлауда басым дауыспен ұтып шығамыз деп үміттенген. Тіпті Байден Флорида, Джорджия және Солтүстік Каролинаны Трамптан тартып алам деп ойлаған болатын. Нақты сайлау күні ондай болмай шықты.
АҚШ-тағы сайлау нәтижесі көрсетілген карталардан көбінде елдің батыс және шығыс теңіз жағалауына жақын ірі қалалардың төңірегінде Демократтар басым дауысқа ие болып жатқанын байқаймыз. Байден басымдық алған көптеген штаттардың өзінде территория жағынан Республикашылдардың басымдығын көруге болады. Бұл АҚШ-тағы әлеуметтік құрылымды да көрсетіп тұр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті