QT редакциясы 2,5 мыңнан астам судьяның жалақысының көлемі және жауапқа тартылған сот төрағалары туралы сұраққа жауап алды.
Қазақстанның Жоғарғы сотының судьялары мен өкілдері бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінде арнайы онлайн-брифинг өтті.
Қазақстан Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Айдос Садуақасовтің мәліметінше, мемлекетте барлығы 2684 судьяға арналған штат бар. Онда 2,4 мың судья қызмет етеді. 14%-ы әзірге вакансия ретінде бос. Орташа есеппен алғанда аудандық судьялар 400-500 мың, облыстық деңгейде 600-700 мың, ал жоғарғы сот судьялары 800 мың теңге төңірегінде жалақы алады. Бұл тікелей судьяның еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты. Сондай-ақ, Алматы қаласының соты судьялардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша Үкіметке ұсынысын білдірген.
2015 ж. 43, 2016 ж. 38, 2017 ж. 68 адамға, 2019 ж.ал былтыр 72, биыл алғашқы алты айда 30 судьяға тәртіптік шара қолданылған. Сот төрелігін асыруда қателіктерге жол бергені және қоғамдық-этикалық нормаларды бұзғаны үшін 2018 ж. 28 судьяға (жартысы сотталған) қылмыстық іс қозғалған не жұмыстан босатылған.
Елде оқтын-оқтын сот жүйесінің қызметіне көңілі толмайтын және соттың әділетсіз үкіміне ұшырадық деген наразы азаматтар қарсылық шараларын ұйымдастырып тұрады. Айта кетейік, бүгін астанада президент Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан судьяларының VIII съезі өтті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді