АҚШ ирандық 18 банкке санкция салатынын мәлімдеді. Санкция жоспарын Қаржы министрлігіне қарасты Шетелдік байлықтарды бақылау жөніндегі агенттік жасаған. Бұл туралы қаржы министрлі Стивен Мнучин жария етті.
«Иран тарабы терроризмді қолдауын және ядролық бағдарламаларын тоқтатқанға дейін санкция жалғаса береді», – деді Мнучин мәлімдемесінде. Ол сондай-ақ, кезекті санкция шаралары Иранның территоризмге қолдау көрсету әрекеттеріне өнімді шектеу қоя алады.
Теһран тарабы бұған ашулы жауап қайтарды. СІМ басшысы Мұхаммед Жевад Зариф өзінің Твиттердегі парақшасы арқылы АҚШ санкция шешімін «мақсатты террорлық әрекет» деп бағалаған. Ол сондай-ақ, АҚШ санкциясы Иран банктерінің азық-түлік пен дәрі-дәрмек төлемдері мен ақша аударымдарын да қамтитынын, жаһандық індет кезіндегі бұндай санкция елдің денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қамту мүмкіндігіне шектеуге бағытталған деп айыптаған.