Беларусь қалаларында өткен наразылық шерулерінде құқық қорғау органдары 600-ге жуық қатысушыны ұстады. Бұл туралы билік ресми тіркемеген «Весна» құқық қорғау орталығы хабарлады.
Ұйымның сайтында жарияланған жаңартылған тізімде 585 адамның аты-жөні бар. Ұсталғандардың арасында сәулетші Никита Домрачев, биатлоннан төрт дүркін Олимпиада чемпионы Дарья Домрачева бар. Сондай-ақ жексенбіде шеруге шыққан 40-тан астасм БАҚ өкілдері де ұсталған.
Билікке қарсы акция Березовка, Брест, Бобруйск, Витебск, Гомель, Гродно, Жлобин, Кобрин, Могилев, Молодечно, Пружан, Солигорск қалаларында өтті. Минскіде оппозиция «Мақтаныш шеруін» өткізбек болды, бірақ қауіпсіздік күштері оған жол бермеді. Милиция демонстранттарға су шашып, резеңке таяқ қолданған. 200-ден астам адам ұсталған.
Бұған дейін Беларусь сыртқы істер министрлігі шетелдік баспасөз құралдарына жұмыс істейтін тілшілерді түгелдей аккредитациясынан айырған. Министрлік бұл шешімді шетелдік БАҚ журналистерін аккредитациялау тәртібі өзгергендіктен қабылдағанын айтты.
10 қазанда Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында қамалған оппозиция өкілдерімен кездескен. Олардың нақты қандай мәселе жайлы сөйлескені айтылмайды.
9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін елде жаппай наразылық орын алып, Еуроодақ пен Америка ширек ғасыр билік еткен «Еуропаның соңғы диктаторы» Лукашенконың жеңісін мойындаудан бас тартты. Сонымен қатар ЕО құрамындағы 27 мемлекет Беларуське санкция енгізу мәселесін қарастырды. Лукашенконы «айқын жеңісімен» құттықтаған елдер қатарында Қытай, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан бар.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі