Германия телекоммуникация саласындағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында жаңа заң шығаруды жоспарлап отыр. Бұл ретте басты назарға қытайлық Huawei компаниясы алынбақ.
Германияда қабылданған жаңа заң күшіне енсе, Huawei компаниясы елдегі 5G желісінен шеттетіліп, Қытай компаниясы ірі телекоммуникациялық жобаларға қатыса алмай қалады. Бұндай заңға Германия канцлері алдағы аптада қол қояды деп күтілуде.
Неміс телекоммуникация желісінің қауіпсіздігін күшейтіді көздеген заң жобасын бұған дейін Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Экономика министрлігі және басқа да ведомстволар мақұлдаған болатын. Сондайа-ақ, неміс БАҚ-ы бұл заң жобасының мақұлдауына Германияның барлау қызметінің де ықпалы болғанын ажазуда. Deutsche Welle Германия Федералдық Барлау басқармасы Huawei компаниясына байланысты бірнеше рет алаңдаушылық білдірген еді.
Аталған заң жобасы қытайлық телекомуникация алыбын тек 5G желілерімен шектеп қана қоймай, бұған дейін орнатылған Huawei жабдықтарын пайдалануды да шектеуі мүмкін.
Шілде айында Еурокомиссия тұтас ЕО елдерін Huawei жабдықтарынан бас тартуға нәсихаттаған болатын. Соған сай, Британ тарабы Huawei-ге қатысты шектеу шараларын шілде айында қабылдаса, Франция да көп өтпей Қытай компаниясының қызметтеріне шектеу қоя бастады.
Ал өткен аптада Римге сапары кезінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео қытайлық "Хуавей" Италияның ұлттық қауіпсіздігі мен азаматтарының өміріне қауіп төндіретінін ескертіп кетті.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті