Токиоға сапарлаған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Жапоняның премьер-министрі Иошихите Сугамен кездесті.
Помпео кезекті сапарының басты мақсаты АҚШ пен Жапонияның тұрақты әрі сенімді қарым-қатынасын тереңдете түсу екенін білдірді. Помпео бір күн бұрын Жапонияның СІМ басшысы Тошимитсу Мотегимен де кездесті.
Мемлекеттік департамент жетекшісі Азия сапарында Үнді-Тынық мұхит аймағындағы өзекті мәселелерді күн тәртібінде ұстады. Сол ретте Помпео Токиода Жапония, Австралия және Үндістан елдерінің сыртқы істер министрлерімен де кездескен. Аталған елдердің СІМ басшылары төртжақты ынтымақтастықты Қытайдың аймақтағы артып келе жатқан ықпалына қарсы тосқауыл ретінде жолға қоймақ.
Помпео кезекті Шығыс Азиядағы сапарын Оңтүстік Корея мен Моңғолияға да жалғауды жоспарлаған. Алайда, АҚШ президенті Дональл Трамптан коронавирус анықталғанына байланысты кері қайтуына тура келді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы