Қазақстанда білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова білім саласының басқару жүйесі өзгеретінін хабарлады.
«Өздеріңізге белгілі, 2021 жылдың қаңтардан бастап білім саласын басқару жүйесі өзгеретін болады. Аудандық және қалалық білім беру бөлімдерін басқару қызметі облыстық басқармаларға беріледі. Ол үшін «Бюджет» кодексіне, «Білім туралы» және «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңдарға 27 өзгеріс енгізілді. Заңға сәйкес білім бөлімдерінің мәртебесі сақталады. Бірақ, олар білім басқармаларына қарасты болады және оған есеп береді. Көп жағдайда білім сапасы оның менеджментіне, қаржыландырылуына жұмылдырылған барлық процестердің тиімді өзара іс-қимылына байланысты. Аудандық, қалалық және облыстық білім басқармалары өзара іс-қимылының бүгінгі процесі қоғам тарапынан әділ сынға ұшырап отыр», - деді Бибігүл Асылова ведомствоның аппарат жиналысында.
Оның айтуынша, бұл шешім мемлекет басшасының былтырғы тапсырмасына сәйкес қабылданған.
Келесі жылдың басынан бастап қалалық және аудандық білім бөлімдерін қаржыландыру облыстық білім басқармасына ауысады. Бұл жергілікті білім беру ұйымдары жұмысының жақсаруына сеп болады дейді шенеуніктер.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы