АҚШ президенті Дональд Трамп және жұбайы Меланья Трамп коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Трамп Twitter парақшасында COVID-19 инфекциясын анықтауға арналған ПТР тесті оң қорытынды көрсеткенін жазды.
«Біз дереу карантин және емдеу шарасын бастаймыз. Мұны бірге жеңеміз», – деп жазды ол 2 қазан астана уақытымен сағат 10:54-те.
Бұған дейін осы аптада президенттің екі бірдей іс-сапарда президентпен бірге жүрген Ақ үйде кеңесші Хоуп Хикстен де коронавирус анықталған еді.
Джонс Хопкинс Университетінің мәліметіне қарағанда, АҚШ-та 7,27 млн адам ауру жұқтырып, 208 мыңға жуығы қайтыс болған. Биыл қараша айында Америкадағы ең ірі елдердің бірі саналатын елде президент сайлауы өтуі тиіс. Тіпті пандемия жағдайына байланысты Трамп сайлаудың уақытын шегеруді ұсынған. Дегенмен қоғамдық институттар мен саяси күштер бұған келіспей, заңда көрсетілген мерзімде өтеді деп жоспарланған.