Халықаралық қатынастар комитетінің мүшелері Беларусьтегі демократия және адам құқықтары туралы заң жобасын АҚШ Конгресі өкілдер палатасына ұсынды.
Комитеттің сайтында: «Біз көшеде демонстрацияларды жалғастырып, елдегі демократияны күшейтуді талап еткен бейбіт шерушілерді қолдаймыз. Беларусь билігі адам құқықтарын таптап, қолдан репрессия жасағаны үшін жауап беруі керек», – дейді заң жобасы авторларының бірі, республикашыл Майкл Макколл.
Құжатқа сәйкес, АҚШ билігі Александр Лукашенконы Беларусьтің заңды президенті деп мойындамайды, сонымен қатар ЕҚЫҰ стандарттарына сәйкес мемлекет басшысына жаңа сайлау өткізуге және барлық саяси тұтқындарды босатуға шақырады. Заң жобасы бойынша тәуелсіз БАҚ қызметіне тосқауыл қойған Беларусь пен Ресей азаматтарының санкциялық тізімін кеңейтуді көздейді.
23 қыркүйекте Минсктегі Тәуелсіздік сарайында Александр Лукашенконы ұлықтау рәсімі өтті. Ол 9 тамызда өткен президенттік сайлауда 80,10% дауыспен алтыншы рет мемлекет басшысы боп сайланды. Сайлауда 10,12% дауыс жинаған Светлана Тихановская сайлау нәтижелерін мойындамады. Осыған байланысты елде бір айдан астам уақыт бойы биікке қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр. Таяуда Тихановская оппозицияның үйлестіру кеңесін құруды бастады, ол жаңа сайлау жарияланғанға дейін наразылық акцияларын жалғастыруға үндейді.
Еуропалық одақ құрамындағы мемлекеттер мен Америка Александр Лукашенкодан қайтадан әділ сайлау өткізуді талап еткен. Ресей мен Молдова бұл мәселеде Беларусьтің ішкі саясатына араласпайтынын мәлімдеп, басқа мемлекеттердің бұл қадамын айыптады. Сонымен қатар Франция президенті Эммануэль Макрон да Лукашенконың отставкасын талап еткен. Оған Лукашенко «Макрон алдымен Францияның ішкі жағдайын реттеп алсын!», деп жауап қатты.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді