АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 4-8 қазан аралығында Жапония, Моңғолия және Оңтүстік Кореяға ресми іссапармен барады.
Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қазанда Токиода Помпео Аустралия, Үндістан және Жапония СІМ басшыларымен кездесуге қатысады. «Сонымен қатар ол жапондық әріптестерімен өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылау үшін кездесулер өткізеді», – делінген хабарламада.
Моңғолия мен Оңтүстік Кореяда Помпео жоғары дәрежелі лауазымды тұлғалармен кездеспек.
Майк Помпео Азиядағы сапарына дейін 27 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Еуропаның кей елдеріне барады. Ресми кездесулер Ватикан, Грекия, Италия және Хорватияда өтеді. Грекияда Мемлекеттік хатшы премьер-министр Кириакос Мицотакиспен және сыртқы істер министр Никос Дендиаспен кездесіп, Шығыс Жерорта теңізінде қауіпсіздікті талқыламақ. Сапар аясында ғылым және технологиялар туралы келісімге қол қойылады, сондай-ақ энергетика секторының өкілдерімен энергетиканы әртараптандыруды және инфрақұрылымдық жобаларды талқылайды.
Римде Помпео премьер-министр Джузеппе Контемен коронавирусқа қарсы күрес шаралары, жалпы қауіптер және аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды. Ал Ватиканда Мемлекеттік хатшы 30 қыркүйекте дін бостандығы туралы симпозиумда мәлімдеме жасамақ.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті