Сейсенбіде Франция, Ресей және АҚШ бастаған елдер Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығысты тоқтату мақсатында «Минск тобы» арқылы екі оңтүстік Кавказ елі арасында келіссөздер жүргізіп, шиеленісті шешуге тырысу керек деп мәлімдеді.
Жексенбіде Қарабақ жерінде Әзірбайжан әуе-артиллерия шабуылын жасағаннан кейін оның ондаған әскери қызметкері қаза тауып, жүзден астамы жараланған. Бұл Таулы Қарабақ өңіріндегі 1990 жылдан бергі қақтығыстар арасындағы зардабы ең ауыр қақтығыс.
Франция президенті Макронның кеңсе қызметкері: «Біз алдағы күндері болған жағдайды анықтау үшін Минск тобының келіссөздерін бастаймыз және бұл мәселеден шығудың жолын қарастрамыз», – деді.
Айта кетейік, 27 қыркүйекте Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзірбайжан Қарулы Күштері Таулы Қарабақ бағытында шабуыл бастағанын айтты. Армения СІМ мәліметінше, Әзірбайжан армиясы елді мекендерді, соның ішінде танылмаған Степанакерт Республикасының астанасын бомбалаған.
Өз кезегінде Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі армян тарапына жауап ретінде шаралар қабылдап, жағдайды бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.