Әлемдік “The Guardian” басылымы Ұлыбританияның Сауд Арабиясына қару сатып беріп отырғанын айыптауда. Сонымен бірге Йемендегі жай бұқараның қырылуына себепші болған елдердің бірі деп сынға алған. Бұл туралы «Парс.Тодей» хабарлайды.
Ұлыбритания Парсы шығанағындағы елдермен сауда-экономикалық байланыс орнатуға мүдделі. Соның ішінде Сауд Арабиясына қару саудалау ісі де бар. Лондон жақ мұндай қару-жарақ сату туралы заң-ережелерге немқұрайлылық танытып келеді деп сынайды «The Guardian» басылымы. Басылымда: «Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Сауд Арабиясына қару сатып беруді көздеп отыр. Бұл елдің ішкі заңына ашықтан ашық қайшылық жасағанмен бірдей. Британ премьер-министрі Йемендегі адами апатқа көңіл бөлместен, Сауд Арабиясына қару сатып бергісі келеді», – деп жазылған.
Сауд Арабиясына Ұлыбританиядан тыс Франция, АҚШ қатарлы елдер қару сатып беруде.
“The Qazaq Times”

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?