22 қыркүйекте Facebook әлеуметтік желісі, Қытайдан тіркелген, шығыс пен батыс саясатына араласқан, соның ішінде АҚШ президенті Трампқа біраз қолдау мен қарсы пікір білдірген аккаунттар желісін жойғанын хабарлады.
Facebook-тегі қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі Глейчер Facebook желісіндегі 155 аккаунт, 11 парақша, 9 топ және Instagram-дағы 6 аккаунт шектелгені туралы мәлімдеді. Ол мәлімдемесінде бұл «белгілі бір шетелдік мемлекет немесе үкімет атынан жасалып отрған шара» деді.
Ең көп парақшалар Филиппинде тіркелген. Қытай, Филиппинде ағылшын тілдерінде жарияланған материялдар әлемдік саяси мәселелерге, оның ішінде Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізі мен Гонконг сияқты іс-әрекеттеріне қолдау көрсету және Филиппин президенті Дутертеге қолдау көрсетулер қолданған.
Facebook бұл жалған аккаунттардың посттар мазмұны бір жағынан қолдау көрсетудің орнына АҚШ-тағы президент сайлауы қарсаңында халықты арандатады деп мәлімдеді.
Facebook бұл жалған аккаунттардың артында Қытай үкіметінің бар-жоғын нақтыламады, бірақ олардың Фудзянь өлкесінде тіркелгенін мәлімдеді. Грече мәлімдемесінде: «Бұл оқиғаның артында тұрған адамдар өздерінің жеке басын және үйлестіруін жасыруға тырысқанымен, біз олардан Қытайдың Фуцзянь өлкесіндегі кейбір адамдармен байланысты екенін тапты» деді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр