Жапонияның 71 жастағы жаңа премьер-министрі Ёсихидэ Суга Үкіметінің құрамы жарияланды. Журналистер алдындағы тізімді Жапония Министрлер кабинетінің жаңа Бас хатшысы Кацунобу Като оқыды. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.
Бұрынғы премьер-министр Синдзо Абэге қарасты Министрлер кабинетінің бірқатар шенділері жаңа үкіметте өз лауазымдарын сақтап қалды. Енді жаңа үкіметте де қызметн жалғастыратын шенділер қатарында Сыртқы істер министрі Тосимицу Мотэги, Қаржы министрі Таро Асо, Мемлекеттік жер, инфрақұрылым, көлік және туризм министрі Кадзуеси Акаба, Олимпиада және Паралимпиада министрі Сэйко Хашимото және ел экономикасын қалпына келтіру министрі Ясутоси Нишимура бар.
Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Хироси Кажияма мен қоршаған ортаны қорғау министрі Синдзиро Коидзуми де қайта тағайындалды. Сонымен бірге Қорғаныс министрі Таро Коно әкімшілік реформаны жүргізуге жауапты мемлекеттік министр ретінде қызметінен кетті. Оның орнына Синдзо Абэнің інісі Нобуо Киси келді.
Сәрсенбіде билеуші Либералды-демократиялық партияның (ЛДП) жаңа төрағасы, елдің жаңа премьер-министрі болып Ёсихидэ Суга бекітілді. Оның кандидатурасына ұлттық Парламенттің екі палатасы депутаттарының көпшілігі дауыс берді. Партиялық Жарғыға сәйкес, ол бұл лауазымды 2021 жылдың қыркүйегіне дейін, яғни отставкаға кеткен Абэ мерзімі аяқталғанға дейін атқарады. Осыдан кейін стандартты үш жылдық мерзімге жаңа төраға сайлауы өтеді.
28 тамызда Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ денсаулығының нашарлауына байланысты отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Соңғы екі аптада Абэнің денсаулығы нашарлаған. Тамыздың басында жапондық Flash апталығында 6 шілдеде Абэ өзінің жұмыс кабинетінде қан құсып, ауыр жағдайда болғаны айтылды. Ал Абэнің өзі журналистерге өзін жақсы сезінетінін айтқан.
2007 жылы жапон министрлер кабинетінің басшысы ішек ауруына байланысты отставкаға кеткен болатын.

















Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр