Microsoft компаниясы қытайлық TikTok қосымшасын сатып алу туралы ұсынысы қабылданбағанын мәлімдеді. Басым түскен бәсекелесі Oracle компаниясы болғанын айтты.
АҚШ президенті Трамп бұған дейін TikTok және басқа да қытайлық қосымшалар АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп мәлімдеп, TikTok-тың АҚШ-тағы бөлімін сатуды немесе оны жабуды талап еткен, TikTok-қа берілген мерзімнің бүгін соңғы күні(15 ұркүйек) болып отыр.
Microsoft және Oracle қытайлық ByteDance компаниясының еншілес кәсіпорны - TikTok-ты сатып алуда басекеге түскен. Wall Street Journal мен Reuters ақпараттық агенттгтері хабарлауынша осы бәсекеде Oracle компаниясы TikTok иегері атануға жақын деп мәлімдеді.
Oracle өзінің кейбір бизнестерін Америка Құрама Штаттарында, Канадада, Австралияда және Жаңа Зеландияда TikTok-пен қоса Sequoia Capital және General Atlantic компанияларын сатып алу туралы ойлары барын жеткізген болатын. ойланатыны туралы бұрын хабарланған болатын.