Сәрсенбіде АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарлады, БАӘ сыртқы істер министрі екеуі Иранның аймақтағы ықпалына қарсы тұру маселесін карастрды.
Сонымен қатар,кеше Помпео Бахрейнге де барды. Ол Бахрейн астанасында король Хамад Халифамен және мұрагер ханзада Салманмен кездесті.
Помпео Бахрейн корольне достық және стратегиялық серіктестігі үшін алғыс айтты. Ол Twitter-дегі жазбасында Иранның қауіпіне қарсы тұру және бейбітшілік пен даму үшін қазір Парсы шығанағы елдерінің бірлігі бұрынғыдан да қажет екенін айтты. Осы тұста Израиль мен БАӘ қол қойған «Авраам келісімі» пймақта бейбітшілікке қол жеткізуге болатындығын көрсетеді.
БАӘ мен Израиль арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіру, көптеген араб елдеріне үлгі болмақ. Израиль келісімге келетінкелесі ел Бақрейн болуы мүмнін деген болатын.Израиль барлау қызметінің басшысы.
АҚШ Бахрейн мен Израильді дипломатиялық қатынастарды қалыпқа келтіру туралы келісімге шақыруға дайын екенін мәлімдеді.
Бахрейнге сапарын аяқтағаннан кейін, Помпео БАӘ мен Израиль арасындағы тарихи келісімнің орындалуын талқылау үшін және аймақтық мәселелерді қарастыру үшін БАӘ Сыртқы істер министрі және халықаралық ынтымақтастық жетекшісі шейх Абдулла бен Заид Наянмен кездесу үшін әмірлікке жол тартты.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде Помпео мен БАӘ Сыртқы істер министрі кездесу барысында Иранның аймақтағы ықпалына қарсы тұру, Парсы шығанағы елдерін біріктру, Ливиядағы жағдайды жеңілдету сияқты мәселелерді талқылаған.