Бүгінде Жер бетіндегі темекі шегетін адамдардың саны 1 миллиардқа жетіп отыр. Lancet басылымында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес әлемдегі әрбір төртінші еркек пен жиырмасыншы әйел никотинге тәуелді болып келеді.
Ғалымдардың есебіне сүйенсек, 2015 жылы Жер бетінде темекі шегетіндердің саны 933 миллион адамға жеткен. Бүгінде бұл көрсеткіш орта есеппен миллиардтан асып отыр. Соңғы уақытта темекіні тастағандарға қарағанда жасөспірімдердің никотинге тәуелділігі көбейіп келеді. Статистикалық зерттеулерге сәйкес, темекіге тәуелділік көбіне дамушы және халықтың әлеуметтік жағдайы төмен елдерде қарқынды өсуде. Егер бұл үрдіс дәл осылай жалғаса берсе, алдағы жүзжылдықта темекі 1 миллиард адамның өмірін жалмауы мүмкін.
Темекі шегетіндердің басым бөлігі Азия елдерінен екен. Антирейтингтің алдыңғы үштігінде 400 миллионнан астан еркек темекі шегетін Қытай, Үндістан және Индонезия орналасса, ал әйелдердің көп үлесі АҚШ, Қытай,Үндістанда 13-17 миллионмен көш бастап тұр.
Ал темекіге тәуелділіктен болатын өлім саны бойынша антирейтингтің алғашқы бестігіне - Қытай, Үндістан, АҚШ, Ресей, Индонезия кіріп отыр. Бұл елдерде жылына 200-800 мың адам никотиннен қайтыс болады. Ал Қытайда бұл көрсеткіш 1,8 миллионға жеткен.
«The Qazaq Times»















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес