Астана әкімдігінің ресми сайтында атаулы әлеуметтік көмек жайлы ресми хабарлама жарияланды. Жұмыспен қамту орталығы Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде атаулы әлеуметтік көмек қысқартылмағанын мәлімдеді.

Ведомство 2020 жылдың екінші тоқсанында төтенше жағдай режимі кезінде атаулы әлеуметтік көмек кірісті қайта есептеместен автоматты түрде тағайындалғанын айтты. Ал үшінші тоқсанда кірісті есептеу қарастырылған.

Баспасөз қызметнің хабарламасында: «Әлеуметтік желіде осы айда 2020 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек қысқартылғаны туралы ақпарат тарап жатыр. 2020 жылдың шілде айынан бастап карантин шараларын сақтау аясында астанада АӘК есептеу II тоқсанындағы кірісті есептеуді ескере отырып, 2 941 отбасына автоматты түрде тағайындалды. Сондай-ақ «Электронды үкімет» веб-порталының өтініш беруі бөлімі арқылы өтінім жіберген 160 жаңа өтініш берушіге АӘК есептелді» – делінген.

14 шілдеде премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне АӘК-ті III тоқсанға тағайындауды белсенді түрде жүргізуді тапсырған. Еңбек министрлігі атаулы әлеуметтік көмек тағайындау 121 мың отбасының 625 мың мүшесіне автоматты түрде ұзартылғанын хабарлады. Ресми мәліметтер бойынша, екінші тоқсанда 561 мың қазақстандық мемлекеттік инстанцияларға жүгінбей автоматты түрде жәрдемақы алды.