Осыдан бір апта бұрын Бейрутта 163 адамның өмірін қиған жарылыс орын алды. Бүгінде Бейрут тұрғындары көшелердегі қоқыстарды тазалап қалпына келетіруде.

Ресми өкілдер 4 тамызда жарылысқа портта сақталған 2000 тоннадан астам аммиак селитрасы себеп болғанын хабарлады. Жарылыстан 6000-нан астам адам жарақаттанды, жарылыс осы астананың үлкен аумағы қиратты. Сонмен қатар саяси және экономикалық құлдырауға алып келді.

Сейсенбіде экскаваторлардың қоқысты тазалауға кірскенін көруге болады. Тазалауға қарапайым тұрғындар да кірскен, зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Жарылыстың зардабынан 250 мың адам баспанасыз қалғаны белгілі болған, дүкендер қирап, қала құрлысы қатты бүлінген.

Қауіпсіздік саласының лауазымды тұлғаларына көрсетілген құжаттарға сәйкес, Ливанның қауіпсіздік қызметкерлері өткен айда премьер-министр мен президентті Бейрут портында сақталған 2750 тонна аммиак селитрасы қауіпсіздікке қауіп төндіретіні туралы ескерткен. Егер жарылыс болса, ол бүкіл жерді құртуы мүмкін екендігіде ескертілген.

Бейрутты қалпына келтіру үшін миллиардтаған доллар қажет. Экономистер жарылыс Ливанның жалпы ішкі өнімінің 25 пайызын құртуы мүмкін деп болжайды. Ливан билігінің салғырттығы салдарынан орын алған жарылыс енді енді ел экономикасын жармақ.

"The Qazaq Times"