Вашингтон - АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпео 11тамызда Чехияға жол тартты, бұл оның 11-15тамыз аралығындағы Орталық Еуропаға сапарының алғашқы аялдамасы болды. Помпеоның бұл сапарында Ресей мен Қытайдан аймаққа төнетін қауіпке назар аударады деп күтілуде. Ресей мен Қытай Еуропа да энергетикалық, инфрақұрылымдық және телекоммуникациялық салаларына араласуға тырысуда, ал АҚШ осы тенденцияны тоқтатуға дайын.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Помпео сәрсенбіде Прагада Чехия президенті Милош Земанмен және премьер-министр Андрей Бабиспен кездесіп, атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық және Ресей мен Қытай мәселесін талқылайды деп мәлімдеді. Жоспар бойынша Помпео Чехияда сөз сөйлеп, сосын Чехия сыртқы істер министрі Томаш Петричекпен бірге түстенеді деп жоспарланған.
Мемлекеттік хатшы Помпео 11 тамызда Twitter-де Америка Құрама Штаттары мен Чехия арасындағы берік серіктестік екі халыққа пайдалы және бұл біздің жетістік деген.
Чехияда болған кезінде Помпео Бартон мұражайын және Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде батыс Чехословакияны азат еткен мемориалды аралайды.
Чехияға сапары аяқталғаннан кейін, Помпеоның келесі сапары Словения болмақ, Помпео 5G технологиясына қатысты Словениямен бірлескен мәлімдемеге қол қояды, бұл Вашингтон тарабының Қытайдың аймақтың желілеріне ену қаупімен күресу шараларының бірі.
Австрия - бұл Помпео бағытының үшінші аялдамасы. Ол Венада Австрия канцлері Себастьян Курцпен кездесіп, сауда қатынастары мен аймақтық қауіпсіздік мәселелерін қарастырады.
Помпеоның Орталық Еуропаға сапары Германиядан 12000-ға тарта американдық әскерді шығарып, олардың бір бөлігін Польша мен НАТО-ның басқа елдеріне ауыстыру жоспарын дайындаумен сәйкес келеді. Бұл жоспар АҚШ пен Еуропада алаңдаушылық туғызды, алайда лауазымды тұлғалар оны стратегиялық қажеттілік деп санайды.
Польша - бұл Помпео сапарының соңы. АҚШ Мемлекеттік департаментінің Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісі Филип Рикердің айтуынша, Помпео Польша сыртқы істер министрімен жақында жасалған АҚШ-Польша қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (EDCA) талқылайды. бұл қорғаныс туралы келісім АҚШ-қа қосымша 1000 әскериді Ресейге қарсы күшті күшейтуге, НАТО-ны күшейтуге және одақтастарға кепілдік беруге мүмкіндік береді деп мәлімдеді. Қазіргі уақытта Польшаға 4500-ге жуық америкалық әскерилер ауысады.