Минск маңында Ресей жекеменшік әскери ұйымының жалдамалы 32 сарбазы ұсталды. Осыған байланысты Беларусь президенті Александр Лукашенко Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен шұғыл жиын өткізді.
Кеше БелТА агенттігі Беларусь аумағына сайлау қарсаңында «жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген 200 ресейлік жалдамалы сарбаздың келгенін» хабарлаған. Кейіннен ресми Минск жалдамалы 32 сарбаздың ұсталғанын және олардың «Вагнер» жеке әскери тобына мүше екенін хабарлады.
Ресейдің бұл әрекетін қатаң сынға алған Лукашенко: «Мен орыстардың реакциясын бақылап отырмын. Ресей барынша ақталып әлек. Бұл сарбаздарды Беларусь тарапы әкелді деп санайды. Әрине, әркім өзінің лас ниетін, әрекетін ақтайды. Сондықтан да тергеу жүргізіп, істің мән-жайын тез арада анықтауды талап етемін. Егер елде сайлау алдында тұрақсыздық орнатқысы келгендер ресейлік сарбаздар болса, Мәскеу жауап беруі тиіс», – деді. Бұған дейін Лукашенко Ресей Беларусьті тәуелсіздігінен айыруды мақсат етеді деп бірнеше мәрте айыптаған болатын.
Аталған жағдайдан кейін Ресей тарапы пікір білдірді. Мемлекеттік Думаның ТМД істері жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Калашников «Мәскеу Лукашенконы әрдайым қолдайды және ешқашан мұндай қадамдарға бармайды» деді. Ал Беларусь аумағында ұсталған азаматтардың жекеменшік әскери компанияның қызметкерлері екеніне күмән білдірді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді