Халықаралық авиация қауымдастығы (IATA) сейсенбіде жаһандық әуе тасымалы 2024 жылға дейін қалпына келмейді деп хабарлады.
Маусымда жолаушылар тасымалы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86%-дан астам төмендеді. Сонымен қатар өткен жылмен салыстырғанда, 2020 жылы рейстерге отыратын жолаушылар саны 55% төмендейді деген болжам бар.
USA Today-дың тоқсандық қаржылық есептеуіне сәйкес, АҚШ және Қытай елдері халықаралық авиация нарығының 40%-ын иеленген. АҚШ-тың ірі авиакомпанияларының басшылары елдегі коронавирус індетінің көбеюі рейстерге сұраныстың азаюына себеп болғанын айтты.
Азаматтар саяхаттарға арналған бюджеттерін қысқартты және бейне конференцияларға бейімделді. Жоғары деңгейдегі жұмыссыздық пен індетке байланысты қауіп саяхаттауға мүмкіндік бермеді, сондықтан тұтынушылар әуе сапарларына шығыуды қысқартты.
Халықаралық авиация қауымдастығы Ұлыбританияның сенбідегі (25 шілде) Испаниядан иммигранттарды карантинге жатқызу туралы бұйрығы сияқты аяқасты жарияланған шектеулер адамдардың саяхаттауға деген құлшыныстарынан айырды деп мәлімдеді.
Agence France-Presse хабарынша, кем дегенде 8 қытайлық әуе компаниясы ішкі рейстерді жандандыру үшін арзан бағамен «өз қалауыңыз бойынша ұшу» акциясын бастаған.