АҚШ, Британ және Канада елдері ресейлік хакерлік топтың шабуылына тап болғанын мәлімдеді. Кремльге қатысы бар делінген хакерлік топ Батыс елдерінің коронавирусқа қарсы вакцина дайындап жатқан лабораторияларына кибер шабул ұйымдастырған.
Аталған елдердің барлау қызметі кеше бір уақытта ресми мәлімдеме таратып, кибер шабулдың артында Кремльге байланысы бар Cozy Bear, APT29 және Dukes атты топтардың тұрғанын айтты. Британ СІМ басшысы бұл шабуылды "Ресей барлау қызметінің ақылға сыймайтын әрекеті" деп айыптады.
"Біз олардың Covid-19 вирусына қарсы вакцина дайындап жатқандарға шабуыл жасағанын әшкереледік. Олардың бұл әрекеті пандемияға қарсы дүниежүзілік ынтымақтастыққа қауіп төндіреді"– деді ағылшын СІМ басшысы Доминик Рааб.
АҚШ барлау қызметі (CIA) ресейлік хакерлік топтың вакцина туралы мәліметтерді топтастырып жатқанын айтты. Бірақ, нақты қайсы зертханаларға шабуыл жасағаны туралы анық мәлімет таратпаған.
Кремль тарабы шабуылға Ресейдің еш қатысы жоқ деген мағынадағы мәлімдеме жасады. "Қандай хакерлік топтың фармацевтикалық компанияларға шабуыл жасағаны туралы бізде ешқандай мәлімет жоқ. Бір анығы – бұл шабуылға Ресейдің еш қатысы жоқ", – деген Песков.
Шабул туралы алғашқы мәліметті Британ барлау қызметі екі одақтасына жолдаған. Лондон мен Мәскеу арасы соңғы жылдары қырғи-қабақ күйде тұрағаны белгілі. Дегенмен, әзірге хакерлердің құнды мәліметтерді алған-алмағаны анық емес.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы