Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 65188-ге жетті. Індеттен 39066 науқас сауығып шықса, 375 адам көз жұмған.

Өткен тәулікте 1058 адам коронавирус індетіннен емделіп шықты.

Аймақтар бойынша:

Астана - 201
Алматы қаласы - 155
Шымкент қаласы - 7
Ақмола облысы - 34
Ақтөбе облысы - 11
Алматы облысы - 24
Атырау облысы - 50
Шығыс Қазақстан облысы - 162
Жамбыл облысы - 18
Батыс Қазақстан облысы - 44
Қарағанды облысы - 65
Қостанай облысы - 58
Қызылорда облысы - 61
Маңғыстау облысы - 52
Павлодар облысы - 11
Солтүстік Қазақстан облысы - 73
Түркістан облысы - 32

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 39066.

COVID-19 індеті Қазақстанға алғаш науырыз айында тіркеле салысымен төтенше жағдай жарияланып науырыз, сәуір айлары қатаң карантин шектеулер қойылып коронавирустың таралуын мүмкіндік бермеген болатын. Алайда мамырда карантин шектеулерінің алынуына байланысты, адамдардың көп шоғырланып жиналуы вирустың таралуына жол берді. Нәтижесінде сәуірдегі 5 мың адамдық көрсеткіш маусымда он есеге артып, жағдай ушыға бастағанда карантиндік шектеулерді қайта қабылдауға тура келді.

"The Qazaq Times"