Қытай портты аймақтардағы ұлттық қауіпсіздік туралы даулы заң жобасын ақыры қабылдады. АҚШ үкіметі мен Гонконгтағы демократия белсенділері бұл әрекет Гонконг тұрғындарының еркіндігне қол сұғады деп санайды.
Сейсенбіде Қытай Халықтық конгресінің отрысында қабылданған заңда "мемлекеттік билікті құлату актілерімен, терроризммен, сепаратизммен және шетелдік күштермен байланысыбарлармен күресу үшін орталық үкіметтің Гонконгта ұлттық қауіпсіздік кеңсесін құру" талап етілген. Алайда жаңа заңның толық мазмұны әлі жарияланған жоқ.
Бұл ШиЖинпиңнің (Си Цзиньпин) соңғы жылдардағы Гонконгты бақылауда ұстаудағы батыл қадамы, белсенділердің Гонконгта көбірек наразылық акцияларын өткізуінің басты себебі де сол.
Еске сала кетейік, 2019 жылы осыған ұқсас заң жобасына (Гонконгта заң бұзушыларды Қытайда жазалау) қарсы наразлық акциясына милионнан астам адам шыққан болатын. Бұл митинг адам саны жағынан әлемдік рекорд болып тіркелген.
Бұл заңның қабылдануына қарсы халық наразылық акциясын өткізуге шарасыз, себебі коронавирусқа байланысты карантиндык шектеулер адамдардың көп шоғырлануына рұқсат бермей отыр.
"The Qazaq Times"

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні